Жарияланды: 100

Тоғыз адам көз жұмды: Атырау облысында жантүршігерлік апат болды

Тоғыз адам көз жұмды: Атырау облысында жантүршігерлік апат болды

Қайтыс болғандардың аты-жөні анықталып жатқаны хабарланды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысында жол апаты салдарынан тоғыз адам қайтыс болды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

"Атырау-Ақтөбе тасжолында Renault Duster және Geely көліктері соқтығысып, екі жүргізуші мен барлық жолаушылар көз жұмды. Тоғыз адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, жол апатының 96 процентінде жүргізуші кінәлі болады.

"Жүргізушілер жылдамдықты асырып, қауіпті және тыйым салынған жерлерде басқа көлікті озбақ болады. Салдарынан апатқа ұшырайды", - деді министр.

Ол министрлік статистикасы бойынша көлікті бір жылдан аз жүргізетіндердің апатқа себеп болу көрсеткіші тек 1,8 % шамасында екенін жеткізді. Қалған апаттар тәжірибелі жүргізушілер кесірінен болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін