Той алдындағы кеште 28 жастағы жігіттің жыныс мүшесіне оқ тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Той алдындағы кеште 28 жастағы жігіттің жыныс мүшесіне оқ тиді

Той алдындағы кеште 28 жастағы жігіттің жыныс мүшесіне оқ тиді

Мысырда 28 жастағы Осман өзінің той алдындағы кешінде жыныс мүшесіне байқамай оқ тигізіп алды. Оны кеш барысында оқ атудан жарыс ұйымдастырған досы жарақаттаған екен деп, хабарлайды  Тһе Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

  • 10 Қараша 2017
  • 349
Фото - Caravan.kz

Ертесінде тойға баруы керек болған Осман шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Досының әзілінің салдарынан жігіттің қолына, жамбасына және жыныс мүшесіне зақым келген. Оқыс оқиғадан кейін Османның 26 жастағы досы қашып кеткен екен. Алайда араға бірнеше сағат салып жігіт ұсталды.

Заңмен тыйым салынса да, Мысырда жігіттер жиналған кеште міндетті түрде оқ атудан жарыс өтеді. Желі қолданушылары өз кезектерінде Османды сабырға шақырып, оған қолдау білдіріп жатты. Ауыр жарақаттар салдарынан Османның тойы кейінге қалдырылды.


Соңғы жаңалықтар