Жарияланды: 5100

Той болатын күні қалыңдық басқа жігітпен қашып кетті

Той болатын күні қалыңдық басқа жігітпен қашып кетті

Қазақ қызы өзінің тойы алдында өзге біреумен "құшақтасып" кетті.

Бұл туралы «Замана» басылымына оқиғаның куәгері болған адамдардың бірі айтып берген.

Айдана есімді қыз ұзақ уақыт бойы Әділ есімді жігітпен кездесіп, екеуі де Астанаға оқуға түскен екен. Бірақ сол уақытта Айдана басқа бір жігітпен кездесіп тұрған.

Оқиғаның куәгері Зәуре есімді қыздың айтуынша, жігіт қызының осындай қылығынан бейхабар болған.

«Әділ жазғы каникулда ата-анасына Айдананы жар еткісі келетінін айтыпты. Сөйтіп олар Айданаға құда түсіп барады. Ауыл әйелдерінен естіген болуы керек, апам: «Сырлыбайдың қызының бағы бар екен», – деп қалыңмалға қанша ақша бергенін, қандай сырға таққанын аузынан суы құрып айтып берген. «Жұрттар құда түскенде қызға 60-70 мың теңгенің сырғасын зорға тақса, бұлар құны 300 мың теңгеден асатын бриллиант «комплект» тағыпты, – дейді апам. – Қалыңмалына 600 мың теңге, «өлі-тірісі» тағы басқа кәделері деп 100 мың теңге беріпті. Сонда қалыңмалының өзіне бас-аяғы 1 миллион теңге кеткені ғой». Олардың құдалықтарының жырын ауылдың сөзуар әйелдері көпке дейін айтып жүрді.

Мұны естігенде Айданаға қызыға да, қызғана қарағанымыз рас. Ауылдың талай қыздарының артынан қалыңмалға 300-400 мың теңге, ал «өлі-тірісіне» деп 20 мың теңге беретінін білеміз. Ал Айданаға берілген қалыңмал бәрінікінен асып түсті. Қазан айына той күнін белгілеп, екі жақ та тойханаға тапсырыс беріп, алдын-ала ақшаларын төлеп қойған.

Сыныптастары біздер де бір күні Айдананың ұзату тойына, ертесіне Әділдің үйлену тойына барамыз деп дайындалып жүргенбіз. Алайда өткен аптада Айдананың басқа жігітке күйеуге шығып кеткенін естігенде таң-тамаша болыстық. Бұл қалай болды деп сұрастырғанымызда Айдана: «Мен Әділді емес Азаматты жақсы көреді екенмін», – деп жауап берді. Ол екі жігітпен бірдей сөйлесіп жүрген де, жеме-жемге келгенде Азаматтың етегінен ұстап кеткен».

Бұндай қызық оқиғаның немен жалғасатыны белгісіз. Алайда Сізді Caravan.kz жаңа жайттармен хабардар етіп отырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін