«Тойда билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды»: Актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы жарияланды (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тойда билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды»: Актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы жарияланды (Видео)

«Тойда билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды»: Актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы жарияланды (Видео)

Танымал қазақ актері Сағат Жылгелдиевтің қалай көз жұмғаны белгілі болды. Актер өмірінің соңғы сағаттарын көңілді өткізген. Ол той үстінде би билеп, көңіл көтерген. Өнер өкілдері бұл сәттің куәсі болды.

  • 16 Мамыр 2022
  • 24780
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Рахман Омар желіде жазды.

“Е,е,е…Жалған дүние-ай… Кім ойлаған?..Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?!. Жүрегім езіліп отыр… Дел-сал күйдемін…Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүруші еді. Жасы біраз бізден үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді… Қайран ағам-ау, қайтейін?! Әй, Сағат! деп құрдасымдай ойнаушы ем… Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау… Көз алдымызда кетіп қалдың-ау… Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау…Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео”, – деп жазды Рахман Омар.

 

Соңғы жаңалықтар