Тойдан кейін бір-бірін пышақтаған қостанайлықтар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тойдан кейін бір-бірін пышақтаған қостанайлықтар ұсталды

Тойдан кейін бір-бірін пышақтаған қостанайлықтар ұсталды

Қостанайда полиция қызметкерлері үйлену тойында болған жанжалға қатысқан 6 адамды ұстады.

  • 2 Қазан 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Облыстық департаменттің дерегінше, 1 қазанға қараған түні полицияға Қостанайдағы мейрамханалардың бірінің жанында бірнеше адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Оқиға орнына дереу келген полицейлер Қостанай қаласы полиция басқармасы Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді. Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды. Үйлену тойынан кейін Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында қонақтар арасындағы жанжалдың арты бірнеше ер адамның төбелесіне ұласқан. Оның барысында ер адамның бірі өзгеге пышақ салған. Жауап алынған 56 жастағы тұрғын қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармады. Оқиға салдарынан 27 жастағы жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды», — деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар