Тоқаев бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты

Тоқаев бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады

  • 23 Сәуiр
  • 6
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар