Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды

Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды

Мемлекет басшысы су басқан өңірлерге келді.

  • 4 Сәуiр
  • 34
Stan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына келді,  деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.

Сапар барысында президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі деп күтілуде. 

“Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді”, – деп қосты Ақорда.

Бұған дейін 2 сәуірде Ақорда Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек Қазақстанның 12 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Бұған дейін Оралда су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау басталғаны жазылған.

Соңғы жаңалықтар