Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қарым-қатынастары барлық бағытта достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанына назар аударды.
Қазақстан Президенті Ашхабад бастамашы болған Бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Бұл Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен қатар келіп отыр, — делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның бітімгершілік бастамаларының маңызы зор екенін айтып, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.
Екі ел арасында экономикалық байланыстар қарқынды дамып, мемлекеттер мүддесіне сай келетін өзекті мәселелер конструктивті тұрғыдан ілгерілеп келеді.