Тоқаев Түркі инвестициялық қорына өкілдерін тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Түркі инвестициялық қорына өкілдерін тағайындады

Тоқаев Түркі инвестициялық қорына өкілдерін тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды,

  • 3 Сәуiр 2024
  • 24
фото-Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 1 сәуірдегі «Түркі инвестициялық қорындағы Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркі инвестициялық қорының Басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері болып мыналар тағайындалды:

басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров;

  • Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Кенбейіл Дәурен Маратұлы.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.