Токио-2020: Спорттағы мотивацияны өзгерту керек – Есен Елеукен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Токио-2020: Спорттағы мотивацияны өзгерту керек – Есен Елеукен

Токио-2020: Спорттағы мотивацияны өзгерту керек – Есен Елеукен

 

  • 12 Тамыз 2021
  • 41
Фото - Caravan.kz

Токиодағы Олимпиада ойындарына байланысты сұхбатымыздың кезекті санында «Жайдарман» ойындарының жүргізушісі, Қазақстан әуесқой футбол лигасының амбассадоры, спорт жанкүйері Есен Елеукен қонақта болды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Токио Олимпиадасы талқыланды. Оның айтуынша, сәтсіз аяқталған жарыстан кейін спорт саласына нақтылап көңіл бөлінуі тиіс.

Егер бір алтын, бір қола алсақ, осыған шүкір дейтін едік. Меніңше күмістің де болмағаны дұрыс болды. Бұл бізге үлкен сабақ болды, — деді ол.

Сонымен қатар ол Олимпиаданың төрешілік міндеттеріне өз бағасын берді.

Бұл мәселеге келгенде екіжақты қарау керек. Мен Токио Олимпиадасындағы төрешілердің нәтижелерімен келісемін. Боксты айтар болсақ, AIBA ережелерінен қарағанда нақты әрі мінезді боксшыларға мүмкіндік берілді. Сол себепті біржақты қарауға болмайды, — дейді Есен Елеукен.

Ол Олимпиадашылардың спортқа деген көзқарасына өзгеріс керектігін айтты.


Көптеген дамыған елдер Олимпиада алдында спортшыларына үлкен міндет қоймайды. Барлығы өзі үшін қатысады. Есеп беру немесе рейтингті қуалап жүрмейді. Спортта жеке түйіндемелерінде мәнді із қалдыру мақсатында жүреді. Сол себепті бізге де мотивацияны өзгерту керек, — деді ол.

Айта кетейік, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапонияның Токио қаласында өтті. Қазақстан 8 қола медальмен жалпы есепте 83-орынға жайғасты.

Соңғы жаңалықтар