Толассыз жауған жауыннын салдарынан "Алатау" метро станциясын су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Толассыз жауған жауыннын салдарынан "Алатау" метро станциясын су басты

Толассыз жауған жауыннын салдарынан "Алатау" метро станциясын су басты

Кеше толассыз жауған жауынның салдарынан Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында орналасқан "Алатау" метро станциясын су басты деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 17 Маусым 2016
  • 449
Фото - Caravan.kz


Су басқан станцияның суреттері фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.

КМК "Метрополитен" директорының көмекшісі Ажар Қабиеваның мәлімдеуінше, станцияға су Жароков көшесінің бойынан келе бастаған. "Арық жүйесі бойынша су станцияға кіреберіс жердегі жер астындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолға құйылған. Су вестибюльге дейін жетпеді. Бұл оқиға 16 маусымда шамамен сағат 20.30-да болған. Ал сағат шамамен 00.00-де апаттық-құтқару қызметі келіп, судың тасуын тоқтатты. Қозғалыстың қауіпсіздігіне еш әсерін тигізген жоқ. Қазір станция қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр", — деді ол.
 

Соңғы жаңалықтар