Төлешовтің асылтұқымды жылқыларының болашағы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төлешовтің асылтұқымды жылқыларының болашағы белгілі болды

Төлешовтің асылтұқымды жылқыларының болашағы белгілі болды

Сәйгүліктердің төртеуі асылтұқымды саналады.

  • 30 Қаңтар 2018
  • 173
Фото - Caravan.kz

Шымкентте бұрынғы сыра королі, қазіргі кезде түрмеде жазасын өтеп жатқан Тоқтар Төлешовтен тәркіленген 24 жылқы ОҚО ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне берілді, деп хабарлайды Отырар арнасы.

Ипподром директоры Ғани Ахметбаевтың айтуынша, сәйгүліктердің төртеуі асылтұқымды саналады. Оларды спорттың конкур түріне бейімдеп, түрлі жарыстарға қосу жоспарланып отыр. «Біз алдымен байқап көріп, жаттығулар жүргізетін боламыз. Кейін балалар оларды мініп, үйренетін болады. Мәселен, Эластик есімді ағылшын-тракенен тұқымды тұлпарға зор үміт артып отырмыз.

Бұл жылқы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атағына ие болған. Мамандардың бағалауынша, сәйгүліктердің бағасы 600 мыңнан 2,4 миллион теңгеге дейін.


Соңғы жаңалықтар