Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған құттықтау - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған құттықтау

Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған құттықтау

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.

  • 16 Мамыр 2021
  • 1491
Фото - Caravan.kz

Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.

Өзінің өнегелі өмір соқпағында  үлкенге құрметке ие, сан мыңдаған шәкірттеріне үлгі болар ұстазымызсыз.

Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңызда сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ғұмырыңызға баянды бақыт тілейміз!

Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжи берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

Жетпіс жастың құтты болсын белесі.


Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас,

Бала мен немеренің назына мас.

Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,

Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,

Қылығына қуанып шөберенің.

Құттықтаушы шәкірттері: Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының асс. профессорлары, б.ғ.к. : Атанбаева Гулшат Қапалбайқызы , Аблайханова Нұржанат Татуханқызы және аға оқытушысы, б.ғ.к. Кулбаева Маржан Сусаровна.

Соңғы жаңалықтар