«Томпидың атынан аударамын»: Мәскеуде қаза болған марқұм Томирис Байсафаның анасы Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге қаржы жинап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Томпидың атынан аударамын»: Мәскеуде қаза болған марқұм Томирис Байсафаның анасы Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге қаржы жинап берді

«Томпидың атынан аударамын»: Мәскеуде қаза болған марқұм Томирис Байсафаның анасы Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге қаржы жинап берді

Мәскеуде дағыстандық экс-депутаттың ұлы Муртузали Меджитов кінәсінен қаза болған Томирис Байсафаның анасы желіде марқұм қызына жантебірентерлік жазба арнап, көпті жылатты.

  • 17 Ақпан 2023
  • 577
Фото - Caravan.kz

Жанна Ахметова, сонымен бірге, қызының туған күнінің құрметіне, оның атынан Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге қаржы аударытынын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Жанна Ахметова аталған ойын өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Сен маған қарап, қабағыңды түйдің, сосын қайта қабағыңды ашып, тағы бір қарадың. Сол кезде мен сені қатты жақсы көретінімді айтып, сенің алақаныңа бір саусағымды қойдым.Бір кезде сен оны қатты қысып, маған сенетініңді әрі мені қабылдайтыныңды білдірттің. Біздің ең алғашқы таныстығымыз осылай болған. Менің таңғажайып әлемім, осы сәттер үшін саған көп рахмет. Туған күніңмен, жарқыным, сені жақсы көремін», — деп жазды ол.

Сонымен бірге ол қызының туған күнінің құрметіне көптен қаржы жинап, оны зілзаладан зардап шеккендерге жіберетінін жазды.

«Қымбаттыларым, егер мені туған күнімен құттықтағыларыңыз келсе, онда гүл емес, төмендегі карта номеріне ақша аударсаңыздар болады, мен жиналған қаржының барлығын Түркияға көмекке жіберемін. Бұл үшін сіздерге алғыс айтамын. Қаржыны Томпидың атынан аударамын. Карта номері: Kaspi- 4400 4301 3096 2423. Сақ болыңыздар!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары Жанна Ахметованы қолдап, жылы лебіздерін жаудырған.

«Жақсы бастама, қызыңыздың туған күнімен, жаны жәннатта шалқысын», «Сізге сабырлық, Түркия халқына Алла жар болсын», «Қандай жұмсақ жүректі анасыз, жасаған жақсылығыңыз Алладан қайтсын», «Жақсылық болсын, енді сіздің басыңызға мұндай қайғы бермесін Алла» деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар