Топтық зорлау: Қонаев қаласында оқушы қызбен төсектес болған полицейлер қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Топтық зорлау: Қонаев қаласында оқушы қызбен төсектес болған полицейлер қамауға алынды

Топтық зорлау: Қонаев қаласында оқушы қызбен төсектес болған полицейлер қамауға алынды

Облыстық ПД ресми мәлімдеме жасады. 
 

  • 17 Қараша 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында мектеп оқушысын зорлаған полицейлер қамауға алынды. Оларға кәмелеттік жасқа толмаған қызға қатысты қылмыс жасады деген айып тағылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Қос полицейді өздерінің әріптестері ұстаған.

«Биылғы 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді», — деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықтап, «ізін суытпай» ұстаған. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауқа алынды.

«Жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілетін болады. ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар