Тоқаев 70 жасын тойламайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев 70 жасын тойламайды

Тоқаев 70 жасын тойламайды

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қатысты сұрақтарға жауап берді. 

  • 16 Мамыр 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай сай өткізеді". — деп жазды ол.