Тоқаев білім беру жүйесін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев білім беру жүйесін сынға алды

Тоқаев білім беру жүйесін сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы кезіндегі қашықтан білім беру жүйесін сынға алды.

  • 10 Шiлде 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Алдымен Президент отандық білім беру саласында өзекті мәселе барын ашық айтты.

Сондай-ақ, ол коронавирус пандемиясы кезінде бұл салада өзекті мәселелер байқалғанын атап өтті.

Қазақстан президенті үкіметке жыл соңына дейін елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды.

 — Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) July 10, 2020

Айта кетейік, Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр. 

Отырыста үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беріп жатыр.

Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жұмыспен қамту бағдарламасын сынап, бірқатар басшыны қызметінен босатуды тапсырғанын, жер шетелдіктірге сатылмайтынын, тиімсіз шығындарды қысқарту керегін айтқан еді

Соңғы жаңалықтар