Тоқаев: Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев: Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық

Тоқаев: Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық

 

  • 15 Желтоқсан 2021
  • 28
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz.-ке сілтеме жасап. 

Салтанатты жиында мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Егемендіктің қастерлі ұғым екеніне, кез келгенннің басына бұйыра бермейтін бақ екеніне тоқталып өтті.

Егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?! Халқымыз Егемендіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінеді. Өйткені, біз азаттықтың құны қандай екенін жақсы білеміз. Бостандық жолында талай батырларымыз құрбан болды. Қаншама қиын күндер басымыздан өтті. Бірақ, халқымыз барлық сынақты қайыспай көтерді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздікті үн он жылдыққа бөліп, әр онжылдық ғасырдың жүгін арқалайтынын айтты.

Мыңжылдықтар тоғысатын тұста Азаттық туы көгімізде желбіреді. Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәттен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы. 30 жылы – біз үшін тұтас дәуірге бергісіз мерзім. Оны үш белеске бөліп қарастыруға болады. Әр онжылдық ғасырдың жүгін арқалап тұр, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Алғашқы онжылдық
– жаңа Қазақстанның негізін қалау кезеңі. Осы жылдарда мемлекеттік нышандарымыз белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты.

Екінші онжылдық – Қазақ елінің өрлеу кезеңі. Біз керегемізді кеңейтіп, тұғырымызды нығайттық. Халықтың әл-ауқатын арттыра түстік. Төл тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды жаңғырттық. Көптеген халықаралық жобаға бастама көтердік. Елге қомақты инвестиция әкелдік.

Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі. Осы уақытта абырой-беделі артқан мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. 2050 жылға дейінгі стратегиямызды қабылдап, дамыған елдердің қатарына қосылуды межеледік.

Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда 30 жыл деген – қас-қағым сәт. Ал, өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім. Қазақстан халқы үшін бұл – азаттық жылнамасының тұтас дәуірі. Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі, деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар