Тоқаев бүгін маңызды жиынға қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев бүгін маңызды жиынға қатысады

Тоқаев бүгін маңызды жиынға қатысады

 Бүгін, 11 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.

  • 11 Желтоқсан 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Бүгін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео конференция режимінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді.

Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова Президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланбақ.


Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ", деп жазды ол.

 

Соңғы жаңалықтар