Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде Медициналық қызметкер күні тойланады

  • 16 Маусым 2019
  • 93
Фото - Caravan.kz

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мереке – Медициналық қызметкер күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазған.

"Денсаулық сақтау саласының мамандарын Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Дәрігерлердің кәсібилігі, антқа адалдығы мен жылы жүрегі адамның тәнін ғана емес, жанын да емдейді. Ақ халатты абзал жандарға мықты денсаулық, мол табыс тілеймін!" – деп жазды президент.

​Еске сала кетсек, Медициналық қызметкер күні Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді.


Медицина мамандарының жалақысын көтеру

Маусымның аяғында қазақстандық дәрігерлердің жалақысы өседі. Қызметкердің еңбекақысы лауазымына, біліктілік санаты мен еңбек өтіліне байланысты болмақ.

Кіші медициналық қызметкердің жалақысы орта есеппен 48 861 теңгеден 64 520 теңгеге көтерілсе, орта буын медициналық қызметкердің айлығы – 76 395 теңгеден 99 313 теңгеге.

 

Соңғы жаңалықтар