Жарияланды: 60

Тоқаев докторанттардың стипендиясын 150 мыңға жеткізуді ұсынды

Тоқаев докторанттардың стипендиясын 150 мыңға жеткізуді ұсынды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі докторантурада оқитын студенттердің стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажеттігін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ғылыми жетекші орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет. Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезде стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар, Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы көлемі 3 млрд теңге болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, ол жыл сайын кемінде 100 ғалымның әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағлымдамадан өтуіне қаржы бөлу керектігін атап өтті.

Біздің ғылыми инфрақұрылым еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді шешуге әлі қауқарсыз. Мұны ашық мойындау керек. Ғылым кадрларын даярлау үшін ең алдымен оларға жағдай жасау керек. Сондықтан жыл сайын кемінде 100 ғалымның әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағлымдамадан өтуіне қаржы бөлген жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін