Жарияланды: 30

Тоқаев еріктіліктің құрметті елшісі атанды

Тоқаев еріктіліктің құрметті елшісі атанды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісімін бергенін айтты.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Еріктілік - бұл адамның еркі. Волонтерлер - өз еркімен істеушілер. Мен бүгін Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келістім. Менде төтенше және өкілетті елшінің дипломатиялық дәрежесі бар. Бірақ бұл еріктілер қозғалысының құрметті елшісі мәртебесін маңызды деп санаймын. Бұл мен үшін үлкен құрмет, сондықтан бірге жұмыс істейтін боламыз", - деді Президент.

Еске салайық, бүгін Нұр-Cұлтанда EXPO 2017 көрме кешенінің Art Hub павильонында Мемлекет басшысының қатысуымен Birgemiz еріктілерінің республикалық фронт-кеңсесі іске қосылды.

Фронт-кеңсенің ашылуы барысында qazvolunteer.kz онлайн-платформаның жұмысы және еріктілердің жеті салалық бағыты бойынша таныстырылымы өтті: Bilim, Qamqor, Úmit, Sabaqtastyq, Taza Álem және Saúlyq. Осы жобалар бойынша жергілікті міндеттерді шешуде азаматтардың ерікті күшін қолдауға бағытталған шағын гранттар бөлінетін болады.

Фронт-кеңсе - бұл кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық, ол бүкіл ел бойынша волонтерлік жобаларды үйлестірумен және қоғамдық мониторингпен айналысатын болады.

Оның басқа функцияларының қатарында - оқыту бағдарламаларын әзірлеу, бірыңғай ақпараттық-имидждік саясатты ұйымдастыру, call-орталық арқылы халыққа кеңес беру.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін