Жарияланды: 50

Тоқаев: Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады

Тоқаев: Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнап 40 мың жалдамалы пәтер салынатынын мәлімдеді.

Өз сөзінде президент әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мақсатында қосымша 2 триллион теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұңғыш Президент бастамасымен іске қосылған барлық әлеуметтік бағдарламалар толық жүзеге асады және ауқымы кеңейеді. Әлеуметтік саясатты одан әрі тиімді жүзеге асыруға қосымша 2 трлн теңге бөлеміз. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады», - дейді Тоқаев. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін