Тоқаев неге сирек сұхбат береді? Баспасөз хатшысының жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев неге сирек сұхбат береді? Баспасөз хатшысының жауап берді

Тоқаев неге сирек сұхбат береді? Баспасөз хатшысының жауап берді

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық БАҚ-қа неге сирек сұхбат беретіні туралы сұраққа жауап берді,.

  • 6 Сәуiр 2021
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

"Тоқаев отандық БАҚ-қа сұхбат бермейді дегенге келіспеймін. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" газеттеріне, отандық мерзімді басылымдарға сұхбат беріп жүр. Ал енді телеарнаға келсек, көп адам осы сұхбатқа келгенде дұрыс түсінбей жатады. Президент көп сұхбат беріп, сөйлеп, пікір алмасқаннан көрі, іске көбірек көңіл бөледі. Көп жағдайда сөзден көрі көбірек іске ден қойып, тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалайды. Телеарнаға келер болсақ, ойда бар, алдағы уақытта сұхбат береді", — деді Берік Уәли "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Баспасөз хатшысы пандемия белең алған кезде бір жыл ішінде халық алдына тек екі рет шыққан Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинді мысалға келтірді.

"Көп жағдайда халық салыстырмалы түрде қарайды. Мысалы, шығыстағы көршіміз Қытай компартиясының төрағасы Си Цзиньпин елде коронавирус басталып, былтыр COVID-19 өршіп жатқанның өзінде халық алдында екі-ақ рет шыққан шығар. Сонда Қытай азаматтары Си Цзиньпин неге сұхбатқа жиі шықпайды деген жоқ. Көп жағдайда бізді батыспен, Ресеймен салыстырады.Біз — тәуелсіз елміз, өз жолымыз бар. Баспасөз хатшысы ретінде өз ойым, мемлекет басшысы сұхбат бергеннен көрі әкімдерден, салалық министрліктерден көп жұмыс талап етуі керек. Әр нәрсеге Президентті араластыра беруге болмайды, оның басқа да жұмыстары бар. Есесіне әкім, министрлердің, агенттік төрағаларының жұмысын көбірек қадағаласа, халыққа да сол тиімді деп ойлаймын", — деді Берік Уәли.


Соңғы жаңалықтар