Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды

Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды

 

  • 21 Шiлде 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты бұзу әрекеттеріне қарсы күресте күш біріктіруге шақырды, — деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азия елдері ақпараттық кеңістікте бүкіл аймаққа зиян келтіретін келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін өзара іс-қимылды күшейтуі керек.

"Бұл жұмыстың мәні біздің достығымыздың мызғымастығында болуы керек. Біз мемлекетаралық және ұлтаралық араздықты қоздыру арқылы қарым-қатынасымызды бөлуге бағытталған кез келген әрекеттерге қарсы тұру үшін бірігуіміз керек", — деді Тоқаев мемлекет басшыларының IV консультативтік кеңесінде.

Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азия БАҚ-тарында ел өңірлеріндегі жаңалықтарды жариялауда өткір ақпараттық тапшылық сезіледі.


"Бұл тенденцияны өзгерткен жөн. Бәлкім, аймақтық телеарна немесе жаңалықтар сайтын құрудың мәні бар шығар. Осы жайттарды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Орталық Азияның тиісті ведомстволары мен ақпарат агенттік басшыларының тұрақты негізде кездесулерін өткізген тиімді болар еді", — деп қосты Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар