Жарияланды: 60

Тоқаев Путинмен қарым-қатынасы туралы сауалға жауап берді

Тоқаев Путинмен қарым-қатынасы туралы сауалға жауап берді Сурет - РБК

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохадағы Қатар экономикалық форумына қатысып жатыр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохадағы Қатар экономикалық форумы барысында Ресей басшысы Владимир Путинмен өзара қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

"Владимир Путин сіздің соңғы кездесуіңізден кейін Қазақстанның тұрақты әрі сенімді одақтасы болып қала береді ме?",- деп сұрады Тоқаевтан Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэнни.

"Иә, ол бұрынғыдай Қазақстанның сенімді одақтасы. Мен өз елімнің президенті ретінде Путинмен жақын қарым-қатынаста болғаныма қуаныштымын. Солай болуы керек", - деп жауап берді Тоқаев жүргізушіге.

Сондай-ақ, президент Ресей басшысы оңаша әңгіме барысында Донецк пен Луганск мәселесі бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы еш нәрсе айтпағанын атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін