Жарияланды: 50

Тоқаев Қазақстанда қаңтар оқиғасы қайталанбайтынын айтты

Тоқаев Қазақстанда қаңтар оқиғасы қайталанбайтынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қаңтар оқиғасы қайталанбайтынын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы журналистер сұрағына жауап берді.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент өкілеті азайып, Парламентке берілді. Бұл бетін аулақ қылсын, қаңтар оқиғасы секілді мемлекеттің тағдыры шешілер сәтте дер кезінде уақыт оздырмай шешім қабылдауға кедергі етпей ме?" - деп сұрақ қойды тілші Президентке.

"Президент Мемлекет басшысы ретінде әр тәсілді қолдануға құқылы. Сондықтан, ешқандай текетірес жоқ. Яғни Парламент пен Президенттің арасында тепе-теңдік болуы керек. Сондықтан, бұл демократияның бір көрінісі деп ойлаймын, қару-жарақты не болмаса басқа да тәсілдерді пайдалану бойынша ешқандай тосқауыл болмайды Президентке. Жалпы айтқанда қаңтар оқиғасы біздің елімізде қайталанбас. Бұл мәселе бойынша менің ешқандай күмәнім жоқ", - деді Президент. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін