Тоқаев қазақстандық спортшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев қазақстандық спортшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады

Тоқаев қазақстандық спортшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады

Шәріпова танзаниялық Хэппи Даудимен жұдырықтасты, қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

  • 23 Тамыз 2020
  • 51
Фото - Caravan.kz

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Фируза Шәріпованы әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.деп хабарлады sputniknews.kz

"Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", — деді Тоқаев.

Қазанда өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанды.

Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) жұдырықтасты. Қазақстандық боксшының соққыларына шыдай алмаған Дауди бесінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл оның он бірінші жеңісі. Ал Хэппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.

 

Соңғы жаңалықтар