Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

  • 13 Желтоқсан 2019
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

«Ең алдымен, баршаңызды келе жатқан қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл егемен еліміздің мәртебесін арттырған ұлы мейрам. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оны бағалай білу бүгінгі және өскелең ұрпақтың міндеті. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз ролін ешқашан ұмытпауымыз керек. Тұңғыш Президентіміз, мемлекетіміздің негізін қалаушы, тарихи және әлемдік деңгейдегі тұлға», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Тәуелсіздікті нығайтудың негізгі жолы экономиканы күшейтіп, өндіріс көлемін арттыру екендігін баса айтты.

«Сонда ғана жарқын болашаққа жол ашамыз. Мемлекет елімізді дамытуға атсалысқан бизнес өкілдерінің еңбегін елеусіз қалдырмайды. Бұл ретте Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен индустрияландыру күнін атап өту жақсы дәстүрге айналғанын білесіздер. Елбасы индустриалды-инновациялық даму жолын отандық экономиканың негізгі бағыты ретінде айқындады. Ел экономикасы артқан сайын мемлекетіміздің іргесі де берік болары сөзсіз. Осыған орай көптеген ауқымды жұмыс атқарылып отыр. Маңызды жобалар қолға алынды. Мұның бәрі Қазақстанды дамыған озық 30 елдің қатарына қосу үшін жасалып отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



 

Соңғы жаңалықтар