Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы тағы бір мамандық иелерін құттықтады.

  • 19 Қазан 2022
  • 290
Фото - Caravan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті достар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының «Құтқарушы күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын!

Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, үнемі төтенше жағдайда жұмыс істеп жүрсіздер. Бұл мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келесіздер.

Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез-келген сынаққа дайын болу — төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адамның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан ерен еңбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық.


Сіздер алдағы уақытта да қызметтік борыштарыңызды мінсіз атқарып, ел алдындағы маңызды миссияны жалғастыра бересіздер деп сенемін.

Жауапты жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!", — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар