Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысының Өзбекстандағы сапары жалғасуда. 

  • 22 Желтоқсан 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарының барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті.

Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.


Соңғы жаңалықтар