Тоқаев Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Тоқаев Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.

  • 24 Шiлде 2020
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазды Caravan.kz порталы

"Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты президент әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді",- деп жазды ол фейсбукте.

Ол дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталғанын атап өтті. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ.

Тоқаев жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырған.

Сонымен қатар, президент екі облыстағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты.


Ал құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді, деді Беік Уәли.

 

Соңғы жаңалықтар