Тоқаев үкіметтің жұмысына орташа деген баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев үкіметтің жұмысына орташа деген баға берді

Тоқаев үкіметтің жұмысына орташа деген баға берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жұмысына орташа деген баға берді.

  • 14 Шiлде 2022
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Жалпы, үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет", — деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылап.

Презизент министрлер кабинетін жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдануға шақырды. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек.

Бұл ретте ол күзге қарай кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін екенін айтты.


"Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті", деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар