Тоқаев жер тексерісіне қатысты мораторийді алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев жер тексерісіне қатысты мораторийді алып тастады

Тоқаев жер тексерісіне қатысты мораторийді алып тастады

Қасым Жомарт Тоқаев 10 тамызда "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес елде жер тексерісіне қатысты мораторий алынып тасталды.

  • 11 Тамыз 2022
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президент қаулысы бойынша "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының 1-тармағы жаңа 14) тармақшамен толықтырылған. Яғни алдағы уақытта Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізіледі.

Жарлық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді. 


Соңғы жаңалықтар