Тоқаевқа Алматының серік-қалаларының құрылыс жоспары баяндалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаевқа Алматының серік-қалаларының құрылыс жоспары баяндалды

Тоқаевқа Алматының серік-қалаларының құрылыс жоспары баяндалды

 

  • 29 Қыркүйек 2021
  • 705
Фото - Caravan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Surbana Jurong Wong Heang Fain компаниясының бас директорын қабылдады, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Ақорда-ға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сингапурлық Surbana Jurong Wong Heang Fain компаниясының бас директорының арасындағы әңгіменің негізгі тақырыбы — Алматы агломерациясын дамытудың инвестициялық жобасын іске асыру перспективалары.

"Мемлекет басшысына компанияның отандық инвесторлармен серіктестікте Алматы облысында 4 серік қала — G4 City салу жоспары баяндалды. Қазір негізгі жоспар дайындалып, қала құрылысы құжаттарын әзірлеп, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастырып, қолайлы инвестициялық ахуалды құруды көздейтін жол картасы әзірленді", — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурмен инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың стратегиялық маңызын атап өтті, сонымен қатар, шетелдік серіктестерге жобаны мемлекет қолдайтынын айтты.

Бұған дейін жалпы тұрғын саны 220 мың адам болатын, Алматының төрт серік қаласы — G4 City құрылыс жобасы премьер-министр Асқар Маминге таныстырылған еді. Бірінші кезекте 2370 гектар аумақта 60 мың адам тұратын, 1,4 миллион шаршы метр Gate City құрылысы жүргізіледі.


60 мың тұрғыны бар серік қала 2030 жылға қарай салынады. Содан кейін G4 City жобасы аясында қалған қалалардың құрылысы басталады. Жоба авторларының ойынша, Gate City қаржы-бизнес орталығына айналуы керек. Golden city — білім, спорт және денсаулық қаласы. Growing city — халықаралық көлік-логистикалық орталығы. Ал Қапшағай су қоймасының жанындағы Green Citу — демалыс, ойын-сауық және туризм орталығы.

G4 City жобасы өз тарихын 2006 жылдан бастады. Серік қалалардың құрылысы бірнеше рет кейінге қалдырылды. Ресми түрде жұмыс басталғаны туралы жеті рет хабарланды.

Соңғы жаңалықтар