Жарияланды: 7000

Тоқаевтың Қытайға не үшін барғаны белгілі болды

Тоқаевтың Қытайға не үшін барғаны белгілі болды

Президенттің баспасөз хатшысы екі күндік сапар аясында не жоспарланғанын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік тобымен келіссөз өткізеді.

Сондай-ақ, президент Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы Hikvision компаниясының жұмысымен танысады.

Сонымен қатар бағдарлама бойынша Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін