Жарияланды: 170

Тоқал алуға тыйым салынды - БАҚ

Тоқал алуға тыйым салынды - БАҚ

Тоқал алуға тыйым салынды - БАҚ

Түркіменстанның Отбасылық кодексіне тоқал алуға тыйым салатын норма енгізілді.

Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Газетте ел басшысы Гурбангулы Бердымухамедов қол қойған заңның мәтіні жарияланған. Қабылданған заң кодекстің 7-бабын толықтырып отыр. 

"Көп әйел алу ұғымы екі немесе одан да көп әйелмен бір уақытта тұру және ортақ шаруасының болуын білдіреді", - делінген түзетуде. Заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. 

Түркіменстан тұрғындарының көпшілігі ислам дінін ұстанады, ал оның заңдары бойынша ер адамға 4 әйелмен некелесуге рұқсат етілген. Дегенмен елде тоқал алу үнемі қудаланып келді. Осылайша, Түркменстанның қазіргі Қылмыстық кодексі бойынша, тоқал алған адам ірі көлемде айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін түзету жұмыстарына кесілуі мүмкін. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін