Жарияланды: 670

Тоқал атанған ақын Құрманай Бақтиярқызы 12 жас кіші жігітке ұл туып берген

Тоқал атанған ақын Құрманай Бақтиярқызы 12 жас кіші жігітке ұл туып берген

Қайрат Нұртасқа хит әндер жазып берген ақын Құрманай Бақтиярқызы өзінен 12 жас кіші жігітке ұл туып бергенін ашық айтты. Ол шариғат бойынша некелескен күйеуінің тоқалы екенін де мойындады. Тіпті, өзге әйелдері қызғанбасын деп оны басыбайлы иемденіп алмайтынын мәлімдеді.

Құрманай Бақтиярқызы Зарина Мүсілімнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасына ағынан жарылып сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

“Баламның әкесі деп айтайын, ол менен 12 жас кіші. Бірақ өзімнен 15 жас үлкен сияқты ұстайтын байсалды жігіт”, – деген Бақтиярқызы жас жігітті қалай “сындырып алғанын” да ашып айтты.

“Сұлу болмасам да сүйкімдімін ғой. Ұзын құрықты, тәтті қылықты Құрманай дейді ғой. Ол кезде мен 30, ал ол 20 жаста еді. Өнерімді бағалайтын жігіт, бірақ оны мойындай бермейді. Ол жігіттің маған айтқан ақылы: «Екі қызыңыз, үйіңіз, көлігіңіз бар екен. Сізге ұл керек қой». Сол сәтте осындай бақтың басынан қалай тебемін дедім?! Бірақ анамнан бастап бәрі қарсы болды маған”, – дейді ол.

Бақтиярқызы шариғат бойынша қосылып, өзі ұл тауып берген күйеуін басыбайлы иеленіп алғысы келмейтінін мәлімдеді. Оның өзіндік себебі мынадай:

“Өйткені оның тағы да басқа әйелдері бар. Олар қызғанып қалмасын деп «менің күйеуім» деп қатты иеленбеймін. Шариғат бойынша, бірнеше әйелі бар. Менің баламның бауырлары бар. Үш әйелміз. Мен ортаншысымын. Бәйбішесінен 4 ұлы бар, менде бір ұл. Тағы да бір келіншек бар, оның ұлты – өзбек. Оның екі қызы бар.

Үшеуін бірдей қамтамасыз етіп отыр, Құдайға шүкір. Өте пысық жігіт. Қолынан келгенше қамтамасыз етеді. Қолынан келмей қалған жағдайда, өздерін өздері қамтамасыз ететін жақсы ақылды, сұлу келіншектерді ұстап алған”, – дейді Құрманай Бақтиярқызы.

Сұхбат барысында ақын баласының әкесін өзгелерден қызғанбайтынын да мойындады.

“Мен денсаулығыма байланысты, өзім перзент әкеле алмаймын. Ал енді баламның бауыры көбейсе, несі бар екен? Мен ұлыма қараған кезде қызғанбақ түгілі, адам кешірмейтін күнәлар жасаса да, кешіріп жіберуге дайынмын”, – деп ағынан жарылды ақын.

 

 

Ұқсас тақырып: 

Аш әйел болғаннан, тоқ тоқал болған артық - бойжеткен
Тоқалы бар әйгілі адамдар
Ләйлә Сұлтанқызы сияқты тоқал болғым келеді - қазақ әйелі

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть