"Тоқалға кастинг": Күйеуіне тоқал іздеген бәйбішенің қойған талаптары елді шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тоқалға кастинг": Күйеуіне тоқал іздеген бәйбішенің қойған талаптары елді шошытты

"Тоқалға кастинг": Күйеуіне тоқал іздеген бәйбішенің қойған талаптары елді шошытты

Күйеуіне өзі тоқал іздеген бәйбішенің видеосы желіде қызу талқылануда.  

  • 26 Сәуiр 2023
  • 2078
Фото - Caravan.kz

 Кастинг жариялаған бәйбішеге ел түрлі сын айтуда, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

"Өзімен қолғабыс болатын, қолымды ұзартатын патшама тоқал іздеп отырмын. Тоқал болғанда да арық қыздар армандамай-ақ қойсын. Маған топ-томпақ, жаңа піскен бауырсақтай қыз керек. Бірақ, кездеспей тұрып алдын ала қоятын шартым бар. Өйткені мен бәйбішемін ғой. Біріншіден тоқал  келгеннен кейін жоралғысының бәрін қазақша жасаймыз. Некесін оқытамыз. Келгеннен кейін 5 жыл фазендада өмір сүреді. Фазендада 80-90 бас байланып тұрған ірі қара бар, бір атар қой, бір үйір жылқы бар. Қысы-жазы істейтін саяжай бар", — деген ол. 

Желі қолданушылары "Малшы құл керек демисің бе?", "Тоқал алса, сені жіберіп қоймасын фазендаға", "Әдейі ешкім келмейтінін біліп айтып тұр ғой", "Ұят ай" деген пікірлерін жазды.  


Соңғы жаңалықтар