Тоқалына барғаны үшін жас жігітті өлімші етіп сабаған бизнесмен Қайрат Жамалиевтің мүлігі өзіне қайтарылмайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқалына барғаны үшін жас жігітті өлімші етіп сабаған бизнесмен Қайрат Жамалиевтің мүлігі өзіне қайтарылмайтын болды

Тоқалына барғаны үшін жас жігітті өлімші етіп сабаған бизнесмен Қайрат Жамалиевтің мүлігі өзіне қайтарылмайтын болды

Тоқалына барғаны үшін жас жігітті өлімші етіп сабаған бизнесмен Қайрат Жамалиевтің мүлігі өзіне қайтарылмайды! Бүгін Астананың Есіл аудандық соты бизнесменнің мүлігіне тыйым салу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

  • 9 Мамыр 2015
  • 487
Фото - Caravan.kz

Жамалиевтің адвокаттары шешімімен келіспей отыр. Өйткені, елімізде қылмыстық жолмен келген мүлікке ғана тыйым салынады екен. Сондықтан қалталы кәсіпкерді қорғаштаған үш бірдей адвокат, Жамалиевтің бизнесін тартып алу үшін мұны әлдекімнің жасап отырған ісі дейді. Қазір жұдырығы жуан бизнесменнің өзі қамауда. Айта кетейік, қоғамды дүр сілкіндірген дау дөкейдің тоқалынан басталған. Келіншекке көз тіккен Әліби Жұмағұлов есімді жас жігіт аяусыз тепкіге жығылған болатын. Мұнымен қоймай «екі кісіні өлтірдім» деп мойындауға мәжбүрлепті. Кейін кәсіпкердің өзі қамауға алынып, бар мүлкіне сот тыйым салғанды. Бірақ Жамалиев кінәсін мойындап отырған жоқ.

Мұхамбетқали Шайхин, Қ.Жамалиевтің адвокаты:

-Қайрат Жамалиевті аса қауіпі қылмыскер ретінде қамауда ұстап отыр. Негізі, мұндай жағдайда оны бұлайша тергемеулері керек. Оның үстіне мүлкіне де заңсыз тыйым салып қойды. Мұны әлдекімдер Жамалиевтің бизнесін тартып алу үшін істеп отыр.