Тоқмәдидің әйелі Бас прокуратура мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқмәдидің әйелі Бас прокуратура мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Тоқмәдидің әйелі Бас прокуратура мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Қамауға алынған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жары Жәмила Айымбетова-Тоқмәди Бас прокуратурадан жүргізілген тексерудің нәтижесін жариялауды сұрайды. Бұдан бұрын ведомство хабарлағандай, бірнеше күн бұрын жарыққа шыққан Тоқмәдидің әйелінің күйеуін азаптап жатқандығы туралы видео үндеуі бойынша тексеру жүргізген.

  • 9 Тамыз 2017
  • 273
Фото - Caravan.kz

Видео үндеуге жауап ретінде, ҚР Бас прокуратурасының мәлімдемесінде хабарланғандай, Мұратхан Тоқмәди таңғы серуен кезінде турниктен құлап, жарақат алған. Мұны бақылау камерасындағы видеодан көруге болады. Сонымен қатар, процестік прокурор мен күдіктінің әңгімесі барсында ҰҚК қызметкерлерінің тарапынан заңға қайшы әрекеттер болғандығы туралы шағым түспеген.  Жәмила Айымбетова-Тоқмәдидің дәйектері дәлелденбегендіктен, прокуратура тексеруді тоқтатты.

Қамауға алынған бизнесменнің жары 
Instagram
 парақшасында мәлімдегендей, күйеуіне тәуелсіз сот сарапшысымен кездесуге рұқсат етілмеген екен.

 

Соңғы жаңалықтар