Тоқтар Төлешов 90 адамнан тұратын қарулы әскер жасақтаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқтар Төлешов 90 адамнан тұратын қарулы әскер жасақтаған

Тоқтар Төлешов 90 адамнан тұратын қарулы әскер жасақтаған

Шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешев билікті басып алу үшін 90 қарулы әскер дайындаған. Бүгін бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев мәлімдеді.

  • 11 Шiлде 2016
  • 562
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген атышулы кәсіпкер өз кәсіпорындарының күзет қызметі базасында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны қару-жарақпен қамтамасыз еткен. Күдікті бұл әрекеттері сырт көзге заңды болуы үшін алдымен «Смерш», кейін «Вымпел групп» атты күзет фирмасын ашқан. Сондай-ақ, Төлешов халықаралық қылмыстық топтарды да қаржыландырған.

Руслан Қарасев, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі: — Төлешев халықаралық деңгейде танымал Аслан Усоянмен, «Ташкенттік Жора» деген лақап атпен белгілі Георгий Сорокинмен, «Мерный Гафур» атты лақап аты бар Гафур Арсланбек Рахимовпен, «Бухар Максим» деген атпен танымал Нозин Жұмаевпен, «Ильяс көке» атты лақап аты бап Ильяс Сұлтановпен тығыз байланыста болған. Осылардың арасында Гафур Рахимов пен Нозин Жұмаев Тоқтар Төлешевтің Өзбекстандағы бірнеше кәсіпорынды заңсыз иеленуіне қолдау көрсеткен.

Тоқтар Төлешев пен оның халықаралық сыбайластары өздерін «бауырлас топ» деп атаған. Ал шымкенттік кәсіпкер осы трансұлттық қылмыстық топтардың басшыларына қаржылай көмек беріп келген. Тоқтар Төлешев Қазақстанның вице-президенті болуға ұмтылып, артынша мемлекетті басқарғысы да келген. Арам ойын жүзеге асыру үшін ол алдымен елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасаған. Бұл үшін кәсіпкер 2005 және 2010 жылдары Қырғыз Республикасында болған төңкерістерді мұқият зерттеген. Тіпті, көрші елге өзі барып, керекті материалдар мен дерек-дәйектер іздеген.

Руслан Қарасев, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі: — Билікке халық арасында жаппай тәртіпсіздік орнатып, халықты наразылыққа азғыру арқылы келуге болатынын түсінген ол бұл арам пиғылын Қазақстанның батысында тез жүзеге асыруға болады деп ұйғарған. Төлешев Қазақстанның батысында наразы топтар бар деп пайымдап, әлеуметтік-экономикалық және өзге де мәселелерді алға тарта отырып, соларды өз мүддесі үшін пайдаланбақ болған. Жаппай тәртіпсіздік пен әдейі ұйымдастырылған наразылық акцияларының барысында ол билікке ультиматум қойып, вице-президент лауазымын енгізіп, ол лауазымға өзі ие болуды көздеген.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тоқтар Төлешовқа қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтарын тергеуді аяқтады. Кәсіпкердің ісі бойынша 25 адам қылмыстық жауапкершілікке, ал 300 адам куәгер ретінде тартылды.

 

Соңғы жаңалықтар