Тоқтар Төлешовтің тағы жеті көлігі саудаға шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқтар Төлешовтің тағы жеті көлігі саудаға шығарылады

Тоқтар Төлешовтің тағы жеті көлігі саудаға шығарылады

Тоқтар Төлешовтің тағы жеті көлігі gosreestr.kz сайтында саудаға шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2017
  • 285
Фото - Caravan.kz

ОҚО Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бөлімінің басшысы Ғалым Қасымбеков саудадағы Тоқтар Төлешовтің соттың шешімімен тәркіленген тағы жеті автокөлігінің саудаға шығарылатынын хабарлады. Саудаға шығарылатын жеті көліктің ішінде екі Toyota Camry, төрт Chevrolet Suburban мен тағы бір 2005 жылғы Rolls-Royce бар. 2005 жылғы Rolls-Royce көлігінің бастапқы бағасы осыған дейін 40 150 000 теңге деп көрсетілген еді.

Сондай-ақ, 8 тамызда Тоқтар Төлешовтің Rolls-Royce пен Bentley көліктері саудаға шығарылған болатын. Мемлекет пайдасына түскен мүліктерді ақшаға айналдыру мен есепке алу қорына сотталып кеткен Тоқтар Төлешовтің төрт автомобилі кіріпті. Бұл көліктер сайтқа тәркіленген мүліктерді мемлекеттік және заңды тұлғалардың балансына өткізіп, бекіту үшін салынған.

Айта кетейік, 5 қыркүйекте өткен саудада Төлешовтің үш көлігі сатылған болатын. Bentley 7 034 326,57 теңгеге, Mitsubishi GT 1 083 000 теңгеге, GMC жол талғамайтын көлігі 3 907 956 теңгеге сатылған еді.


Еске салайық, Тоқтар Төлешовтің соты Астанада 2016 жылдың қарашасында өткен еді. Процесс жабық тәртіпте өтті. Сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырды. Бизнесменнің адвокаттары үкімге қарсы шағым түсірген, бірақ апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ, сотталушының ондаған көлігі, ақша қаржылары және бағалы заттары тәркіленген еді.
 

Соңғы жаңалықтар