Жарияланды: 1000

Тоқтар Жақаш: Тазабековтың тәйтеңдеп кеткенінен-ақ "мына неме жаңа уровеньге өтпек қой" деп күдіктенгенмін

Тоқтар Жақаш: Тазабековтың тәйтеңдеп кеткенінен-ақ "мына неме жаңа уровеньге өтпек қой" деп күдіктенгенмін Сурет - SN.kz

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш әлеуметтік желідегі парақшасында Мұхамеджан Тазабек жайлы жаңа пост жазды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тоқтар Жақаш Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тазабековтың тәйтеңдеп кеткенінен-ақ "мына неме жаңа уровеньге өтпек қой" деп күдіктенгем. Күдігім расқа айналыпты. Тазабеков резко ақида ауыстырып, Мәжіліске депутат болып кетпекші екен. Тізімге де еніп қойыпты! Сәләфиттердің иқуан тармағы мемлекеттің Конституциялық құрылысын төңкеруді көздейтін нағыз радикалды топ. Таяу Шығыстағы "Араб көктемін" осылар ұйымдастырды. Ал біздің билік сұр жыланды біліп-білмей қойнына тығып жатыр. Ертең биліктің түбіне жетіп құлататын анау алаңда ұран сап жүрген оппозиция емес, дәл осы иқуан деген сұр жылан болады", - деп жазды ол.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін