Жарияланды: 2200

Төреғали Төрәлі, Ернар Айдар Арысқа келу үшін гонорар сұрағаны рас па?

Төреғали Төрәлі, Ернар Айдар Арысқа келу үшін гонорар сұрағаны рас па?

Мұндай сауалды көпшілікке Айгүл Орынбек тастады. 

Осылайша  танымал заңгер ел арасына тараған осындай сөздердің қаншалықты шындыққа жанасатынын білгісі келген, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы. 

Айгүл Орынбек әлеуметтік желіге былай деп жазды. 

Ұлы дала балалары халықтың балалары ма? Әлде бәлелері ме? Кеше "Біз біргеміз " деген ұранмен жұлдыздар келеді деген жаңалық естігем. Тізімін алдын ала жіберіп, "осылар келейін"-деп жатыр екен Арыстықтарға деді журналист достарым! Бұлар келгенде не бітіреді? Концерт қойып бере ме? Әлде селфи жасап өздеріне пиар жасап кетеді ме екен деген ойда қалғам.
Сөйтсем жүрегінде иманы барлары келіп, иманы жоқ тас жүректер Арысқа келу үшін ұшаққа VIP орынға билет, бес жұлдызды қонақ үй,гонорар сұрапты дейді....
Мына ақпарат қаншалықты рас?
Ұйымдастырушы Қазконценрт өкілдері?
Төреғали Төрәлі, Ернар Айдар Арысқа келу үшін гонарар сұрағаны рас па?
Сонда қайғыдан қан жұтып жатқан елге көмек берудің орнына, концерт қойып ақша жасап кетпекші ме?
Құрмет атағын алуға аяғы жеткен Қайрат Нұртастың, "Арыстықтар жүрегім сіздер мен бірге"-деп алыста жатып сәлем жолдай салғаны қалай?
Ақшада емес мәселе көңілде!
Жүйкесі тозып жүрген адамдарға ән сыйлай алмасаңда, жанына келіп жылы сөз сыйлағанның өзі қандай күшті!
Жұлдыздар көз алдымда ағып түсті!, деп жазды Айгүл Орынбек өз парақшасында. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін