Төреғали Төреәлі 20 күнге қайта қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төреғали Төреәлі 20 күнге қайта қамалды

Төреғали Төреәлі 20 күнге қайта қамалды

Алматының Түрксіб аудандық сотында қазақстандық әнші, "Ұлы Дала баласы" атымен танылған Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралғаны айтылды.

  • 22 Қыркүйек 2023
  • 934
Фото - Caravan.kz

Қазақ эстрадасының әншісі Төреғали Төреәлінің басы даудан толық арылмаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Адырна"-ға сілтеме жасап. 

Осы жолы әншінің үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.  Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәліге) қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

"Айта кетсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігіне сәйкес, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.",-делінген хабарламада.

Осыдан біраз уақыт бұрын, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған әншінің полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны үшін ұсталғаны туралы видео әлеуметтік желіде тараған болатын. Ол өз жазасын өтеп, қайта бостандыққа шыққан еді.


Соңғы жаңалықтар