Төреғалиге қатысты жел сөзден кейін танымал актрисаны сүйіктісі тастап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төреғалиге қатысты жел сөзден кейін танымал актрисаны сүйіктісі тастап кеткен

Төреғалиге қатысты жел сөзден кейін танымал актрисаны сүйіктісі тастап кеткен

“Ұлы дала комедиясында” басты рөлді сомдаған Мадина Оспанды кей адамдар Төреғалимен жұптастырып қойды.

  • 4 Ақпан 2019
  • 341
Фото - Caravan.kz

Оған себеп болған Мадинаның сүйікті адамымен түскен суретін жариялап, “ТТТ” хэштегін белгілеуі. Фотода жігіттің жүзі жасырылған. Сондықтан да жұрт ұзақ ойланбастан оны Төреғали деп ойлады. Алайда шын мәнінде олай емес.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Екеуміздің сөйлесіп жүргенімізге, бірге болғанымызға 5 жыл болған. Жақын арада той жасаймыз деп жүрген болатынбыз. Бірақ осы жаңалықтардан кейін өкінішке орай, екеуміздің арамыз үзіліп кетті”, – дейді Мадина Оспан.

Жас актриса бұл жерде Төреғали жайлы емес, өзінің сүйіктісі жайлы сөз етіп отыр. Айтуынша, отандық басылымдардың бірі оны “Төреғалидің тоқалы болуы мүмкін” деп жариялағаннан кейін, сүйіктісі екеуінің арасы бұзылған.

“ТТТ” деген хэштегті мен бұл киноға түспей тұрып та фотоларымның астына белгілеп қоятынмын. “Т” деп қоятынмын, жүрек қойып “ТТ” деп қоятынмын. Бірақ адамдар кинодан кейін ғана байқай бастады. Менің жеке өмірімде жолдасымның инициалы үш “Т”. Аты-жөні солай.


Осы күнге дейін біз үшін үйреншікті болатын. Мен ешқашан басым бос емес екенін жасырғым келмейді. маған басқа жігіттер жазбай-ақ қойсын, олар менің адамым бар екенін білсін деп”, – дейді Мадина.

Актриса қыз атына қара күйе жағылғаннан кейін Төреғалиден де, оның ата-анасынан да қатты ұялғанын айтты. Себебі “Ұлы дала баласын” ол өнердегі әріптесі әрі ағасы ретінде көреді екен. Ол, тіпті, атына кір келтірген басылымды сотқа беруге ниеттенген. Алайда мұндай жағдайларға еті үйренген Төреғали оны тоқтатқан көрінеді.

Соңғы жаңалықтар