Төрт адам жанып кетті: Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт адам жанып кетті: Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты

Төрт адам жанып кетті: Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты

Соқтығысқаннан кейін көліктердің бірі өртене бастаған, салдарынан жүргізуші мен оның әйелі, ұлы және немересі қаза болды

  • 17 Қыркүйек 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Әйтеке би ауданы Белқопа ауылына жақын маңда дүйсенбі күні таңға жуық жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

03.45-те Mazda Cronos көлігі Қарабұтақ ауылынан Ақтөбеге қарай кетіп бара жатқан, "Самара-Шымкент" жолының 934-ші километрінде жүргізуші қарсы беттегі қозғалыс жолағына өтіп кетіп, Opel Vectra көлігімен соқтығысты.

Қатты соққыдан Mazda көлігінің газ баллон агрегаты жарылған. Жүргізуші, оның әйелі, ұлы және немересі көлік ішіндегі өрттен қаза болды.

Сондай-ақ Opel Vectra жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның әйелі мен ұлы оқиға орнында көз жұмған.


Осы оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша (Жүргізушілердің жол жүру немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан екі немесе одан да көп тұлғаның қаза болуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Соңғы жаңалықтар