Бұл туралы әнші Жанар Айжанова Instagram парақшасында жазды.
"Бақилық болған сәбилердің, ата-анасын кінәлап жатқандар да жоқ емес. Төрт бірдей кредитін өтеу үшін, анасы да көзін жұмып дария кешіп, түн демей, күн демей жұмыс істеп жүр екен. Балалардың орнын ақша да, ешнәрсе де толтырмайды, ол анық. Ең болмаса қаралы әке-шешеге бір үй алып, алтыншы баласы сол үйде дүниеге келсе ғой шіркін деген арман ғой. Жандары жаннатта болсын, ата-анасына алла жар болсын. сабыр берсін", — деп жазды Жанар Айжанова.