Төрт облыста жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт облыста жол жабылды

Төрт облыста жол жабылды

ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста республикалық маңызы бар жолдардың жабылғанын хабарлады.

  • 13 Наурыз 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында боранға байланысты көліктің барлық түрі үшін бірнеше тас жолда қозғалыс шектелді. Олар:

Екатеринбург – Алматы тас жолының 1291-1353 шақырымдағы учаскесі (Жібек жолы кенті – Қарағанды облысының шекарасы);

Екатеринбург – Алматы тас жолының 1275-1291 шақырымдағы учаскесі (Нұр-Сұлтан қаласы – Жібек жолы кенті).

Екатеринбург – Алматының 1003-1247 шақырымдағы учаскесі (Атбасар қаласы – Нұр-Сұлтан);

Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолының 16-200 шақырымдағы учаскесі (Нұр-Сұлтан – Павлодар облысының шекарасы);

Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 18-231 шақырымдағы учаскесі (Нұр-Сұлтан – Щучье қаласы).


Шығыс Қазақстанда облысында Алматы – Өскемен тас жолының Аягөз бен Қалбатау арасындағы учаскесі жабылды.

Қарағанды облысында екі жол учаскесі жабылды. Олар:

Екатеринбург – Алматы тас жолының 1291-1353 шақырымдағы учаскесі (Ақмола облысы – ПВП Теміртау);

Екатеринбург – Алматының 1426-1446 шақырымдағы учаскесі (ПВП Теміртау – Темиртау қаласы);

Ал Павлодар облысында Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолындағы Ақмола облысының шекарасы мен Шідертінің арасы жабылды.

Соңғы жаңалықтар